Ақтауда Land cruiser prado үш көлік пен мектеп қоршауын қиратты

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Land cruiser prado автокөлігі үш автомобильге және мектептің қоршауына соғылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлікоқиғасы бүгін, 16 шілдеде орын алған.Басылымның мәліметтеріне сәйкес, автокөліктің рулінде кәмелет жасқа толмағанбала болған. Ол рульге ие бола алмай, алдымен тоқтап тұрған екі автокөлікке,артынан мектептің қоршауына соғылған. Сондай-ақ екпінімен барып, жақын маңда тұрған тағы бір машинанықаққан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.

«Жол-көлікоқиғасының салдарынан зардап шеккендер жоқ. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610 бабының 3бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшінсотқа жіберіледі», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы полиция департаментініңбаспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар