Оның ішінде 11 кішкентай балалар бар.
Оқыс оқиға 32 «В» шағынауданында түнгі сағат 23.00-дер шамасында болған.
Алты қабатты тұрғын үйдің жертөлесіне Lexus ES 300 көлігінің жүргізуші рөлге ие бола алмай келіп, соғылады. Қатты соққыдан автокөлік өртене бастайды.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
«30 адам қауіпсіз жергеу шығарылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. 1-қабаттан 3-қабатқа дейін пластик терезелері, жылу жүйелері, антенналар күйген»,-делінген хабарламада.