«Бүгін таңғы сағат 9:30 шамасында 26 және 27-інші мөлтекаудандар арасындағы жаяу жүргіншілер жолағында 9-10 жас шамасындағы қыз баланы көлік қағып кетті. Оқиға куәсі болған көлік қозғалысына қатысушылар мен жаяу жүргіншілер дереу көмекке ұмтылды», - делінген ақпаратта.
Баланы соққан KIA автокөлігінің жүргізушісі оны ауруханаға жеткізетіндігін айтқан.
Оқиға орнына жақын жерде құқық қорғау органдарының көлігі болғаны атап өтіледі.