Ақтаудың Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Роза Түбекбаева өрт туралы хабар 12 қаңтар күні 20:25-те түскенін айтады. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен 7 арнайы техника барған.
«Өрт кезінде ғимарат ішіндегі газ баллоны жарылған. Ал ТЖБ қызметкерлері екіншісін жарылмай тұрып алып шыққан. Тілсіз жау 360 шаршы метр аумақты шарпыған. Апаттан құрбан боғандар жоқ. Оқиғаның себебі мен шығынын Маңғыстау облысы ТЖД кезекші сарапшысы анықтауы тиіс. Өрт үш сағаттан соң сөндірілді. Себебі төбе жабыны, қабырғалар ағаштан жасалған», - деді Роза Түбекбаева.