Ақтауда өрт сөндіру аялдамасы пайда болды

Ақтауда 21-шағын ауданда өрт сөндіру аялдамасы пайда болды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД

Аталған аялдама Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мұрындық болуымен құтқарушылар күніне орай орнатылды. Аялдамада Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің негізгі талаптары көрсетілген. Қауіпсіздік ережелері көрсетілген жадынамалық ақпараттар да бар. Жадынамаларда судағы қауіпсіздік, өрт және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен нұсқаулықтар көрсетілген.

- Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «2023 жылға арналған Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің тәрбие, идеологиялық жұмысы және азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру» жоспарының 1-тармағына сәйкес 21-шағын аудан 37/1 тұрғын-үйінің артындағы аумақта өрт сөндіру аялдамасы орнатылды. Аялдамада тұрғындарға өрттің алдын-алу шараларын қалай жүргізу керектігі көрсетілген. Негізгі мақсат - құтқарушы мамандығын дәріптеу және тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақыру, - деді Ақтау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жандос Кенжебаев.

Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД
Фото: Маңғыстау облыстық ТЖД