«Ақтауда ыстық су шығынының ұлғаюына және құрамында дистилляты бар резервуарлардағы деңгейдің төмендеуіне байланысты кәсіпорын қаланың төменгі және жоғарғы аймақтарына ауызсу қысымын төмендетуге мәжбүр«, - делінген «Маэк-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС мәліметінде.
Айта кетейік, Ақтау халқының кәсіпорынға 606 млн теңге қарызы бар екенін және Президент өңірге сапарында «Маэк-Қазатомөнеркәсіпті» жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырғанын жазған едік.