Ақтауда отандық үздік тауар бойынша өңірлік байқау өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда «Қазақстанның үздік тауары» облыстық байқау-көрмесінің қорытындысы өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев байқау дипломанттарын «Өндірістік маңыздағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша марапаттады.