Ақтауда полиция ғимаратының алдында көлік аударылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда полиция ғимаратының алдында көлік аударылып қалды, деп жазады lada.kz.

Көлік апаты Ақтау қалалық жол полициясы басқармасының алдында, 23 шағын ауданда болды. Куәгерлер жол-көлік оқиғасын бейнетүсірілімге түсіріп алды.

Оқиға 3 қараша күні жеңіл көлік пен жол талғамайтын көліктің соқтығысуының салдарынан болған және жол талғамайтын көлік аударылып қалған. Жедел жәрдем қызметі аталған оқиға болған жерден шақырту алмағандығын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы Маңғыстау облыстық полиция департаменті өкілдерінің ресми хабарламаларынан соң белгілі болады.

Осыған дейін Жаңаөзенде жол талғамайтын көліктің аялдамада тұрған 7 адамды қағып, үшеуін жер жастандырғандығын жазғанбыз. 

Фото lada.kz сайтынан алынды