Криминалдық полиция қызметкерлері Changan маркалы автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында WAKA маркалы 64 электронды темекі анықтаған.
Кейін полиция қызметкерлері қаланың өнеркәсіптік аймағындағы гараждардың біріне тінту жүргізді. Нәтижесінде тағы 151 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді.
— Осылайша жалпы саны 215 электронды темекі мен 31 қаптама снюс тәркіленді. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті процестік шешім қабылданады, — делінген хабарламада.
Полиция департаменті тыйым салынған өнімдердің заңсыз айналымы үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Бұған дейін, Маңғыстауда 83 келіден астам марихуана тәркіленген болатын.
Ал, Алматы әуежайында 32 келіден астам есірткі тасымалы әшкереленді.