Ақтауда рұқсат етілмеген жерде суға шомылған екі бала құтқарылды

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Ақтауда 11 жасар ұл мен қызды құтқарушылар судан алып шықты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 тамыз кешкі мезгілде болған.

«Ақтау қаласы Каспий теңізінің 4 «а» шағын ауданы маңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2011 жылы туған ұл мен қыз баланы судан құтқарып қалды. Олар тыйым салынған жерде шомылып жүрген» делінген департаменттің баспасөз мәліметінде.

Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

Айта кетейік, өткен аптада Ақтаудан 43 шақырым жерде рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген 3 жігіт суға батып кеткен еді.