Әкімдіктің мәліметінше, тексеру барысында заңсыз орнатылған және иесіз тұрған билбордтар анықталды.
«Ақтау қалалық сəулет жəне қала құрылысы бɵлiмiнiң рұқсатынсыз жарнамалық билбордтар орнатып, мемлекетке салық төлемеген бірқатар конструкциялар алынып тасталды», - делінген хабарламада.
Мамандар кәсіпкерлерге жарнама орнатар алдында қала әкімдігінде рұқсат қағазын рәсімдеу керектiгiн жəне жарнама жасағаны үшiн тɵленетiн салықты мемлекет қазынасына уақтылы төлеу керектігі түсіндірілді.