Ақтауда самбо және жауынгерлік самбо күресінен халықаралық турнир өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтауда өтетін Самбо және жауынгерлік самбо күресінен VI Халықаралық турнирге 200-ге жуық спортшы қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық Самбо федерациясының президенті Айдос Ақжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстау Арена спорт кешенінде 3 тамыз күні 23 жасқадейінгі балуандар аарсында жауынгерлік самбодан Қазақстан Республикасыныңчемпионаты, ал 4-5 тамыз аралығында Самбо және жауынгерлік самбо күресінен ерлер және әйелдер арасында Маңғыстау облысының самбо федерациясыныңКубогіне арналған VI Халықаралық турнир өтпек.

Турнирдің бастымақсаты - жастарды спортқа баулу,салауатты өмір салтын насихаттау, самбо мен жауынгерлік самбоны дамыту жәнеқатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру.

«Алғашқы күндері өтетін чемпионатқа 100-ге жуық өз еліміздің самбошылары қатысса, 4-5 тамызаралығында өтетін Маңғыстау облысыныңсамбо федерациясының Кубогына арналған VI Халықаралық турнирге 200-ге жуықспортшы, еліміздің түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстанелдерінен балуандар қатысуға өтініш білдірді. Әр облыстың мықтылары меншетелдерде жүлдегер атанып жүрген самбошыларымыз қатысатын байрақты бәсекеніңтартысты өтетіні белгілі. Жастар жылына орай ұйымдастырылып отырған шарағаМаңғыстаулықтар да тыңғылықты дайын деп ойлаймын», - деді Самбодан Қазақстан Республикасының мемлекеттікжаттықтырушысы Қаймен Есенаманұлы.

Соңғы 2018-2019 жылдары маңғыстаулық самбошылар әлем чемпионатынан 10, Азия чемпионатынан11 медальға ие болды. Спорт шеберіне үміткер атағын 80 спортшы алса, 14 спортшыҚазақстан Республикасының спорт шебері атағын қорғады. 1 спортшы Халықаралықдәрежедегі спорт шебері атағына ие болды.

2018 жылы Самбоданжасөспірімдер арасында Ресей елінің Рязань қаласында өткен жарыста маңғыстаулық Нұрсұлтан Жұбатқан, Төрекен Қобланов,Дәурен Төлегенов, Абылай Қабылқақ алтыннан алқа тақты. Бұдан бөлек, маңғыстаулық самбошылар жасөспірімдер арасында Бішкектежәне Бакуда өткен халықаралық жарыста бірінші командалық орынды иеленді.

Қазіргі таңда самбо спорты Маңғыстауоблысында кеңінен тарап, оң нәтижелер көрсетуде. Спорт басқармасы тарапынанкүрделі жұмыстар атқарылып, спортшылар саны артуда. Жан-жақтан кәсібижаттықтырушылар да тартылып жатыр. Маңғыстауда Самбо күресінен халықаралықжарыстарда төрелік етіп жүрген экстро класс төреші Берік Жұмағалиев, халықаралықдәрежедегі төреші Жанболатұлы Айбек және Қазақстан Республикасының ұлттықдәрежедегі төрешісі Жанғали Нұрдаулетов аталған турнирде төрелік ететін болады.

Айта кетейік, осы жарыста жеңіске жеткендер спорт шеберіатағына ие болады.