Ақтауда Сержан Шәкіратовтың 70 жылдық мерейтойы өтіп жатыр

АҚТАУ. Қазанның 15-і. Қазақпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтаудағы Нұрмахан Жантөрин атындағы драма театрында    дәулескер күйші, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының құрметті профессоры Сержан Шәкіратовтың 70 жылдық мерейтойы өтіп жатыр,

деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Мерейтойға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстанның халық жазушысы, Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбайұлы  мен  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық әртісі Қаршыға Ахмедияров қатысуда.

Кеште  көрермендер назарына  Сержан Шәкіратовтың өнер жолын баяндаған «Телеағыс» фильмі ұсынылды.

Мерейтой иесіне  облыс әкімі жеңіл автокөлік сыйлады.

Өнер кешінде Маңғыстау күйлері орындалып, күйшінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетуде.