Оқиға 18 ақпанда сағат 22:36 шамасында 32 А шағын ауданында орын алған.
«Скутер жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, өтіп бара жатқан «Toyota Carolla» автокөлігіне соғылған. Зардап шеккен жол ережесін бұзушы адам бірден Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізіліп, тиісті ем-дом шаралары көрсетілді», - делінген баспасөз мәліметінде.
Скутер жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.