Ақтауда студенттерге 500 орындық жатақхана салынып жатыр

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 2021 жылдың қыркүйек айында Ақтау қаласындағы 17 шағынауданда студенттерге арналған 500 орындық жатақхананың құрылысы басталған. Нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғимарат 5 қабатты 3 блоктан тұрады. Жалпы ауданы — 10 723 шаршы метр. Жатақхана жобасында 2 және 3 орындық бөлмелер, медициналық пункт, буфет, оқу бөлмесі, жиналыс залы, киім жуу бөлмесі қарастырылған» деп мәлім етті Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда нысанның ішкі әрлеу, инженерлік желілер жүргізу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда жобаның 80%-ы дайын. Жатақхананы пайдалануға беру ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.