Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ақтау қаласында су ағызу арнасының тыйым салынған жеріне шомылу кезінде үш адам суға батып кетті: олардың екеуі - 22, біреуі 19 жаста. ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД суда құтқару қызметі (6 маманы мен бір техникасы) олардың денелерін іздестірумен айналысуда.