Ақтауда су мен жылу қалыпты жағдайда беріле бастады

Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Бірнеше шағын ауданның жылуы мен суын ажыратуға себеп болған 16 шағын ауданның жылу желісіндегі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Kazinform.

Ақтаудың бірнеше шағын ауданы жылу мен судан уақытша ажыратылған еді.

- Жөндеу жұмыстары аяқталып, «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорны қызмет көрсетуші мекемелерден жылу тораптарын ашуды сұрады, деп мәлім етті Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Бүгіннен бастап қалыпты жағдайда су мен жылу беріле бастайды.