Ақтауда су жинау каналынан қыздың денесі табылды

Фото:
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаудағы су жинау каналынан 21 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

102 кезекші пультіне 2 шілде күні сағат 8:00 шамасында «су жинау каналындағы көпір маңында адамның денесі жатыр» деген шақырту түскен.

Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы қыздың денесін табады. Денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтайды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

«21 жастағы қыздың мәйіті табылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізімінде тіркелген. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», - деді Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімінің бастығы Гүлшара Бастаубаева.