Құтқарушылар оқиға орнына қайықпен жедел жетіп, 1999 жылы туған екі ер адамды құтқарды.
Олар жағадан 350 метр қашықтыққа жүзіп, өз күшімен кері жете алмаған.
Құтқарушылар екеуіне де жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Ал жедел жәрдем келгеннен кейін, бір ер адам ауруханаға жатқызылды.
Екінші құтқарылған адамға стационарлық медициналық көмек қажет болмаған.
Қазіргі таңда аталған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр.
Айта кетейік, күні кеше Қарақия ауданы Құрық кентінде 2 жасар бала теңізге батып көз жұмған еді.
Осы оқиғаларға байланысты Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары тұрғындар мен қонақтарға теңізге түсерде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.