«Қала жолдары» ЖШС қала аумағының халық көп шоғырланатын жерлерiне «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында, қазақ және орыс тілінде заманға сай креативті тақтайшалар орнатты.
Онда тұрғындарды айналаны ластамауға, тазалықпен айналысатын қызметкерлердің еңбегін бағалап, тазалық сақтау мәдениетіне шақырылған. «Орнатылған тақтайшаларға жауапкершілікпен қарап, әрбір тұрғын өз қаласына деген жанашырлығын білдіредi деп сенемiз. Қоршаған ортаны бірге қорғайық!», - делінген хабарламада.