Соған байланысты тұрғындар көп жиналып, бір-бірін қысып, тапталып қала жаздаған. Балалар адасып, қоғамдық тәртіп бұзылған.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкер аталған шараны жергілікті атқарушы органға алдын ала хабарламаған.
Еске сала кетейік, азаматтардың жаппай қатысуымен өткізілетін кез келген іс-шаралар, соның ішінде қайырымдылық акциялары, азық-түлік пен сыйлықтарды тарату сынды іс-шаралар қоғамдық орындарда өткізілетін жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, тиісті елді мекеннің әкімдігімен міндетті түрде алдын ала келісілуі қажет.
Бұған дейін, Ақтау теңіз-сауда портының басшысы ұсталғанын жазғанбыз.