Ақтауда теңіз қызыл түске боялды
19:59, 06 Қаңтар 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші шағын аудандағы «Шағала» қонақ үйінен «Нұр плаза» жағажайына шейін теңіз суы қызыл түске боялды. Жағалауда балдыр және шылау өте көп байқалады, деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтау тұрғындары редакцияға көптеген суреттер мен видеолар жіберген.
«Судың қызыл түске енгенін екі апта бұрын байқадық. Алайда аса көп біліне бермейтін. Қазір теңіз суы қанқызыл түске енді», - дейді жағалауда жұмыс істейтін құрылысшылар.
lada.kz пайдаланушыларының фотосы