Мердігер компания өкілдерінің мәліметінше, жасанды пальмалар жағалау жиегінде 14 ықшамаудандағы полиция бекетінен 15 ықшам аудандағы жаңа жағалауға дейін мамыр айының соңына дейін орнатылатын болады. Әрқайсысының биіктігі - 11 метр болады. Сәндік өсімдіктер бір жарым шақырымға қойылады.
Пальмаларды қондыру инвестициялық жоба аясында қаланы көркейту негізінде жасалып жатыр. Жаңалауды 100 пальмамен көріктендіруді қала әкімі Ғалымжан Ниязов Ақтауды жаңартуды таныстырған кезде ұсынған еді.