Ақтауда теңіз жағалауынан адам денсаулығына қауіпті бактериялар анықталды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтаулық санитар дәрігерлер Каспий суы мен жағажайдағы құмнан сынама алып, адам денсаулығына қауіпті қоздырғыштарды анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зерттеудің қорытындысы бойынша, бұл «Клостридия перфрингенс» бактериясыекендігі анықталды. Оның асқазанға инфекция түсіріп, кез-келген аурудыасқындыру қаупі жоғары. Сондықтан мамандар тұрғындар мен қала қонақтарын шомылумаусымы кезінде сақ болуға шақырады.

Күннің ыстығынан пана іздегендер Каспий теңізінің жағалауына ағылады.Шомылу маусымы басталғалы санитар дәрігерлер теңіз суы мен құмнан екі ретсынама алып, қауіпті қоздырғыштарды анықтаған.

Мамандардың мәлімдеуінше, адам денсаулығына зиян келтіретін бактерияәсіресе жаңбырлы күндері көп таралады. Мамандар құмды қопсытып-қопарып,жағажайларды жиі тазалау керек, дейді. Себебі, осындай кезде бактерия күннің астында өледі екен.

Дабыл қаққан мамандар аталған жағдайға байланысты қала әкіміне хат жазып, ұсыныстарынжолдаған.

«Бұл бактерия топырақта ұзақ сақталып, адамның ағзасына инфекция түсіреді.Ашық жарақаты бар адамдарда газды гангрена пайда болуы мүмкін. Адамның терісінжарақаттайды. Асқынса аяқ не қолды кесу керек болады. Сондықтан тұрғындарға,қала қонақтарынша әсіресе балаларға барынша сақтық шараларын сақтауғашақырамыз. Өйткені аталмыш бактерия иммунитеті әлсіз адамдарға қауіпті», - дейдіАқтау қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. ӘсимаЖұмабайқызы.

Бүгін әкімдікте өткен жиында осы мәселе көтерілді. Енді Ақтаужағажайларындағы құмдарды қопсыту туралы тапсырма берілді.

«Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық штаб бастығы теңізде бақылаубекеттерінің орнатыла бастағанын мәлімдеді. Барлығын тез ұйымдастыру керек. Бұлпроцеске жағалауда кәсібі бар кәсіпкерлер де шақырылады», -дейді эколог КириллОсин.

Соңғы жаңалықтар