Итбалық 15-ші шағынаудандағы қонақ үйдің жанында жатқан. Оқиға орнына экологтар шақырылды.
«30 мамырда итбалықтың ұшасы табылған жерге жұмыс тобы барды. Теңіз жануарының ұшасы қатты бұзыла бастағандықтан, өлу себебін анықтау үшін гистология сынамаларын алу мүмкін болмады», — деді Маңғыстау облыстық балық инспекциясы басқармасының басшысы Жақсығали Іздібаев.