Бүгін 15-шағынаудандағы амфитеатр жанынан бастап дезинфекция жұмыстары басталды. Жағалаудағы отырғыштар, балалар ойын алаңдары мен жаттығу құралдары тазаланды.
Ертең әскери бөлімнің қатысуымен тағы да дезинфекция жұмысы «Ынтымақ» алаңы мен «Мәңгілік алау» монументінде жүргізіледі.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің қызметкерлері қала тұрғындарына сақтық шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу шараларын назарға алу мақсатында арнайы көліктерге дауыс зорайтқыш орнатылған. Құрылғыда екі тілде (мемлекеттік және орыс) қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жарияланады.