Ақтауда теңізден 22 жастағы жігіттің денесі табылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда құтқарушылар теңізге батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1997 жылы туған азаматтың денесі Ақтаудан 25 шақырым қашықтықтағы «Шора» каналынан шыққан.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасы жедел-құтқару жасағының мәліметінше, қайғылы жағдай кеше болған. Кешкі сағат 20.30 шамасында хабарлама келіп түскен. «Tree of Life» жағажайында теңізге шомылуға кеткен жігіт қайта оралмаған.

Таңертеңнен іздестіру жұмыстарын жүргізген құтқарушылар бүгін түске таман жігіттің денесін судан алып шықты.