Қайғылы оқиға 23 маусым күні сағат 22:00 шамасында «Волна» базары мен № 7 мектеп-лицейі арасында болған.
Бұл жайында Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.
«Оқу орнының қоршауында шам бағанасы орнатылған. Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім оны ұстап алған. Салдарынан баланы электр тогы соққан. Нақты себептерін анықтау үшін оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», – делінген хабарламада.