Үйлер ескіріп, әбден тозығы жеткен. Әрі салынғанына 25 жылдан асқан.
Ал биыл бюджеттен 20 үйдің ғана жай-күйін саралауға 20 млн теңге бөлінген.
«Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алу конкурсы өтіп, мердігер мекеме анықталады. Бұдан соң әр үйдің нақты қай тұсын қалпына келтіру қажеттігі белгілі болады», - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.
Жалпы Ақтауда 2 мыңға жуық көпқабатты үй бар.