Ш. Есенов атындағы Yessenov университетінде ашық спорт алаңы салтанатты түрде ашылды. Шараға қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ректор Берік Ахметов, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының өкілдері қатысты.
Университет кампусында 1 баскетбол, 1 волейбол, 2 теннис корты пайдалануға берілді. Жалпы ауданы 4800 шаршы метрді құрайды. Құрылысы 6 ай жүргізілді.
Мұнда білім ордасының студенттері, оқытушы құрамы осы спорт түрлерімен айналысып, қалаған уақытында шыныға алады.
Алдағы уақытта спорт шараларын өткізу жоспарланып отыр.
Негізгі мақсат – бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салтын сақтау және насихаттау.