Аталған фотосурет The Guardian басылымының арнайы редакциялық тобының іріктеуінен өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған ең үздік фотосуреттер қатарына енді.
Бұл – отандық қолөнер мен мәдениетімізді әлемдік деңгейде әйгілеудің бір дәлелі. Фотосурет авторы: түркиялық фотосуретші Элькин Эскипехливан.
Еске сала кетейік, «Даламен үндес баба өнер» халықаралық фестивалі Ақтау қаласында өтті.
Маңғыстау облысы әкімдігі мәліметінше, іс-шараға Қазақстанның және шетелдің түрлі өңірлерінен келген қолөнер шеберлері қатысып, өз туындыларын ұсынды.
Фестиваль аясында жәрмеңкелер, көрмелер, шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қонақтар ұлттық дәстүрлермен танысты.
Фестивальдің басты мақсаты – дәстүрлі өнерді дәріптеу, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру және әлемдік деңгейде қазақ қолөнерінің мәртебесін арттыру.
Айта кетейік, ақтаулық сүңгуір теңіз астындағы бір шақырымнан астам аумақты қоқыстан тазалады.