«Күдікті өз әрекетін мойындады. Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталды және танысу үшін прокуратураға жіберілді», - деп мәлім етті Маңғыстау облысының полиция департаментінен.
Естеріңізге сала кетейік, 24 наурызда Ақтаудағы 27-ші шағынауданда 36 жастағы ер адам жеті, тоғыз және он екі жастағы үш баласын айуандықпен өлтірді деген күдікке ілінгенін жазған едік.
Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша іс қозғалған.