«Балалар жаңа жылға сыйлықтар күтеді. Көңілдерін көтеру үшін мен де тырысқым келді. Балаларға арналған бұл кітапшалар қол моторикасын дамытып, олардың оқуға қызығушылығын арттырады деп сенемін» - деді Саида Құсайынова.
Айта кетейік, Саида Құсайынова барлығы 8 кітапша дайындап шыққан. Оның бесеуі – ертегі, екеуі балалардың қызығушылығына қарай жасалған Түрік қағанаты мен Моцарттың өмірбаяны кітапшасы және біреуі – көрнекі құрал.
Саида Құсайынова - 30 жаста. 2019 жылдан бері кітапхананың арнаулы бөлімінде әлеуметтік қызметкер ретінде брайльдан балаларға қосымша сабақ жүргізеді. Ол - Орал қаласындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған мектептің түлегі.