Ақтауда заңсыз актив есебінен салынған жедел жәрдем станциясының жаңа ғимараты ашылды

Фото: ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM — Ақтау қаласында Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен өңір медицинасының өкілдері қатысты.

Фото: ДСМ

— Жаңа нысан Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес Бас прокурордың қайтарылған активтер есебінен салынды. Заманауи станция жылына 100 000 шақыртуға есептелген. Ғимарат орталықтандырылған біріккен диспетчерлік қызметпен, заманауи симуляциялық және оқу-практикалық орталықпен, сондай-ақ 20 бірлік санитарлық автокөлікке арналған жылы гаражбен жабдықталған. Жоба жедел медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, — делінген хабарламада.

Фото: ДСМ

Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының ардагері Әлімжан Сағымбаев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдаулет Қилыбай, Бас прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов құттықтау сөз сөйлеп, жедел жәрдем қызметінің стратегиялық маңыздылығына тоқталды. 

Бұған дейін Президент заңсыз активтерді елге қайтару жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес екенін айтты.