Оқиға бүгін болды. Бейнеу ауданының 17 жастағы тұрғыны суға түсуге арналмаған жерде шомылған. Ол жағалаудан 150 метр қашықтықта шомылып жүріп, суға бата бастаған. «Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Хамит Асқар, Ермек Айдарбеков, Төребек Құлжабаев суға ағып бара жатқан 2000 жылғы Бейнеу ауданының тұрғынын құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді, зардап шегуші үйіне жіберілді», - деп түсіндірді оқиғаны төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілі Гүлнәр Қожабекова.
Сондай-ақ, ол суға түсу маусымы басталғалы бері құтқарушылардың күн сайын қаладағы жағажайлық аймақтарда кезекшілік еткендерін еске салды.