Ақтау әкімдігі қызметкерлерінің айтуынша, жағалау маңындағы 7,5 гектар аумақ көріктендіріледі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жұмыстар басталып кеткен. Ол жоспар бойынша қазан айында аяқталады.
«Ақтаудың 15-ықшам ауданының жағалау маңындағы аумағын көркейту жұмыстары басталды. Тапсырыс беру - Ақтау қалалық құрылыс бөлімі, жобалаушы - «АТК-Жаңаөзен» ЖШС», ал мердігер ұйым - «Альянс ЛТД» ЖШС. Жағалау маңындағы аймақтың 15-ықшам ауданның 10-үйінен «Самал» ықшам ауданына дейінгі жері, соның ішінде «Самал» қонақүй кешеніне іргелес аумақ та абаттандырылады», - дейді Ақтау әкімдігінің қызметкерлері.