«Сәбидің салмағы 1 келі 500 грамм. Бұл - салмағы аз балаға жасалған алғашқы тілік. Білікті мамандардың арқасында ұзаққа созылған ауыр операцияны нәресте жақсы көтеріп шықты»,- дейді дәрігер Құрман Қайранов.
Нәрестенің туғанда өңеші бітеу болған. Оған жасалған операция барысында кеуде тұсы ашылған. Операция 1,5 сағатқа созылған.
Сәби аман-есен үйіне шығарылған. Енді толық сауығып кеткенше мамандардың бақылауында болады.