Ақтау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 қазан күні сағат 09: 29-да Ақтау полиция басқармасының «102» пультіне 8-шағынауданда орналасқан «Qazaq Oil» жанармай бекетінің артынан белгісіз ер адамның мәйіті табылғандығы жөнінде қоңырау түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
17:45, 05 Қазан 2021
Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жанармай бекетінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.