Ақтауда жанармай құю бекетін тонаған күдікті ұсталды

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — Түнде жанармай құю бекетінде белгісіз ер адам кассирге пышақ көрсетіп, қорқытып, ақша талап еткен, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Ведомство мәлім еткендей, қолма-қол қаражатты иемденгеннен кейін оқиға орнынан бой тасалаған. 

— Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Құқық қорғау органдарының кәсіби және жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдікті бір сағат ішінде қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Маңғыстау облысында тұрғындардың WhatsApp чаттарында білім беру мекемелеріне жасалатын шабуыл туралы қорқыту сөздер жазылған хабарламалар таратылып жатқаны анықталды.