«Бұл сомаға бәрі кіреді. Атап айтқанда, шыршаны сатып алу, оны безендіру, ілетін ойыншықтары бар. Былтырдан қалғандарын да қолданамыз. Өткен жылы бюджеттен тыс 7 миллион теңгеге гирляндалар сатып алған едік. Бұл жабдықтың 70 пайыздан астамы сақталған, яғни олар да пайдаға асады», -дейді Қайрат Ақыбаев.
Жалпы, жаңажылдық шыршалар қаланың үш жеріне орнатылады. Олар 4-шағынаудандағы қала әкімдігінің алаңы, 15-шағынаудандағы теңіз жағалауы және 34-шағынаудандағы «Достық үйінің» алды. Мемлекеттік сатып алу конкурсын биыл «Керуен Фараб сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алған. Компания барлық жұмысты 21 миллион теңгеге жасап беруді жоспарлауда.