Өңірде Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен қаладағы нысандар залалсыздандырылуда. Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді.
«Жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз», - деді әкімдіктен.