Құқық қорғау органдары оқиға орнына барып, төбелеске қатысқандарды, олардың қай оқу орнының студенттері екендігін анықтауда.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға қатысқан 3 адамның «Болашақ» колледжінің студенті екені белгілі болды.
«Оқиға жан-жақты тексеріліп жатыр. Іс әкімшілік пе әлде қылмыстық па, оны тергеу үстіндеміз. Анық-қанығы белгілі болған соң тиісті шара қолданылады»,-дейді Ақтау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қалдымұрат Айғарақов.