Ақтауда «Жартасты соқпақ» жағалауы ашылды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда жаңа жағалау ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартасты соқпақ 4 шағын ауданда орналасқан. Абаттандыру жобасының жалпы аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Оның 70 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдарға қарай ыңғайластырылған.

«2018 жылы Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының бесінші саммиті өткен болатын. Төрт күл дүние көз тіккен аса маңызды халықаралық шарада ҚР Тұңғыш Президент Н.Назарбаев жаңа келбетке енген жағалауға арнайы келіп, өзінің оң бағасын берген болатын»- деді облыс әкімі Серікбай Трұмов.


Соңғы жаңалықтар