Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар оттың таралуына жол бермей, өртті шақыру түскен сәттен бастап 9 минут ішінде сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.
- Өрт болған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз! – делінген хабарламада.
ШҚО-дағы жер үйлерде өрт қауіпсіздігін бұзудың 33 мыңнан астам дерегі анықталғанын жазған болатынбыз.