Ақтауда жасөспірім қыз жоғалып кетті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда Галя Ермольчеваға іздеу салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол 15 мамыр күні сағат кешкі 18.00 шамасында үйінен серуендеуге шығып кеткен. Содан бері қайтып келмеген.

Қыздың ата-анасы көрген білгендер болса дереу 8778 369 15 44, 8702 8077230 ұялы телефондарына хабарласуды сұрайды.