АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 2025 жылдың 4 қарашасында полицияға кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасалды деген арыз түскен. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 121- бабы 4 — бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
— Күдікті анықталып, ұсталды және сот шешімімен екі ай мерзімге уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция органдары қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттердің толық кешенін іске асырып жатыр, — делінген хабарламада.
Полиция сонымен қатар, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, мұқият тексерілетінін, арыздағы деректерді нақтылау үшін тиісті сараптамалар тағайындалғанын жеткізді.
Бұған дейін, Қызылорда ауруханасына зорлық көрген екі қыз бала түскен болатын.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер қайда жүгіне алады.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.