Ақтауда жауын құйып, көшелерді су басты
АСТАНА. KAZINFORM — Ақтауда жаңбыр суын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ақтау қаласында коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын ұйымдастырды.
— Осы уақытқа дейін 13-35, 13-44, 13-24, 14 «Астана» СО, 14-33, 14-34, 14-46, 22-6, 22-9, 26-27, 26-29, 9-22, 5-39 және 12-67 шағын аудандарында су сору жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстарға 5 ассенизатор, 10 мотопомпа және 25 қызметкер жұмылдырылды. Жаңбыр суын алу жұмыстары алдағы уақытта үздіксіз жалғасады, — делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.
Ведомство мәліметінше, қазірге дейін қала аумағындағы автомобиль жолдарынан 400 м³ су сорылды.
Бұдан бұрын Ақтауда «ҚазАзотқа» атмосфераны ластағаны үшін 8,5 млн теңгеге айыппұл салынғанын жазған едік.