Жол-көлік оқиғасы бүгін Қан орталығы ғимаратының маңында болды. Жедел жәрдем «Audi» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың екеуі үйлеріне жіберілсе, қалғандары облыстық ауруханаға жатқызылды.
«Шақыруға Ақтау полиция басқармасының «Сұңқар-8» патрульдік полиция батальонының экипажы шықты.
Аталған факті бойынша анықтау тобы жұмыс істеуде«, - деп атап өтті өңірдің бас полицейі Жанарбек Бақтыбаев.