Қала тұрғындары шара барысында ұйымдастырылған спорттық жарыстарға қатысып, түрлі жеміс-жидектерді ұтып алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, қордың еріктілері жеміс-жидектерді темекі айырбастады.
Әлемнің 1,5 млн. адамы артериялық қан қысымының артуынан зардап шегіп келеді, ал әр жыл сайын 7 млн. адам осы дерттен қаза табады. Бұның негізгі қоздырушылары - табак өнімдері, уақтылы тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аз болуы және артық салмақ.
«Акцияны ұйымдастыру барысында бізді қолдаушылар көп болды. Оның ішінде кәсіпкерлер де, қалалық емхана басшылары да, тексеру жүргізуші дәрігерлер де бар. Жеміс-жидектерді алу үшін небары 3-5 шылымнан бас тарту жеткілікті болды», дейді «Ақтау диалогы» қоғамдық қорының директоры Орал Құрбанова.