АҚТАУ. KAZINFORM — Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі таратқан мәліметке сүйенсек, әкімдік қалаға жер асты қоқыс жинау жүйесін қою мәселесін қайта қарастырып жатыр.
— Жер асты қоқыс жәшіктерінің байқауы тоқтатылды. Басқа да нұсқалары қаралып жатыр. Алдағы уақытта мүмкін мүлде қоймайтын боламыз. Немесе санын азайтып қоямыз. Әзірге нақты шешім қабылданған жоқ. Бірақ байқау тоқтатылды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, мемлекеттік сатып алу сайтында Ақтау қаласына жерасты қоқыс жәшіктерін сатып алуға арналған лот жарияланған болатын. Онда 192 контейнердің әрқайсысын 4 642 857 теңгеге сатып алу көзделген. Сатып алудың жалпы сомасы қосылған құн салығынсыз 891,4 миллион теңге тұрады.
Аягөз Ізбасарова
Ізбасарова Аягөз Оралбайқызы телевизия саласында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Еңбек жолын «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында жүргізуші-редакторлықтан бастап, редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарды. Соңғы 7 жылдан бері «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстаудағы меншікті тілшісі. Ақпарат саласының үздігі. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде 2024 жылғы мамырдан бастап қызмет етеді.